13.09.2022

Freedom Bank-тың цифрлық өнімдер мен процестер жөніндегі басқарма төрағасының кеңесшісі «жылдың IT-көшбасшысы» марапатына ие болды

Советник председателя правления по цифровым продуктам и процессам Freedom Bank получила награду «IT-лидер года»

International Data Corporation ірі халықаралық зерттеу компаниясы IDC Future of Enterprise Awards 2022 сыйлығының жеңімпазын жариялады.

«Жылдың IT-көшбасшысы» номинациясында Freedom Bank-тың цифрлық өнімдер мен процестер жөніндегі басқарма төрағасының кеңесшісі Айнұр Темірханқызы бірінші орынды иеленді. Іс-шара Алматыда өтіп, «Цифрлық технологиялар әлеміне көшуді жеделдету» тақырыбына арналды. Марапаттау рәсімі IT-директорларының IDC CIO Summit саммиті аясында өтті.

2022 жылдың маусым айында Банк ең күрделі 2 қаржы процесін – цифрлық ипотека мен цифрлық автокредитті сәтті цифрландырды. Бұл несиені онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы өнімдер. Бұрын банктің шешімін алу 3 аптаға созылған болатын.